Осы Саясат «F&B int» ЖШС-нің, БСН 220140017280, заңды мекенжайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тассай тұрғын алабы, 119-квартал, 4969/8 ғимарат (бұдан әрі – Компания) дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау қағидаттары мен тәртібін айқындайды.
«F&B int» ЖШС дербес деректерді өңдеу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толық сақталуын қамтамасыз етеді, оның ішінде жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етеді.
«F&B int» ЖШС-де дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау кезінде келесі қағидаттар қатаң сақталады:
- адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
- заңдылық;
- қолжетімділігі шектеулі дербес деректердің құпиялылығын сақтау;
- дербес деректер субъектісінің, меншік иелерінің және компаниялардың құқықтарының теңдігі;
- жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- дербес деректерді алу және жинақтау «F&B int» ЖШС жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректерді жинау арқылы жүргізіледі;
- дербес деректерді пайдалану «F&B int» ЖШС тарапынан тек оларды жинаудың жарияланған мақсаттары үшін ғана жүзеге асырылады;
- дербес деректерді сақтау мерзімі егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу күнімен айқындалады;
- дербес деректерді жинау және өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қағидаттар мен ережелерді сақтай отырып жүзеге асырылады.
«F&B int» ЖШС дербес деректерін өңдейтін субъектілер мыналар болып табылады:
- контрагенттердің өкілдері;
- клиенттер – жеке тұлғалар;
- корпоративтік клиенттердің өкілдері – заңды тұлғалар